Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Заңдар бойынша өзгерістер талқыланды

Заңдар бойынша өзгерістер талқыланды

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 26 маусымдағы №349-VI ҚР Заңын талқылау мақсатында «ZOOM» бағдарламасы арқылы онлайн режимде жиын өтті.

Жиынға аудандық сот төрағасы Р.Алдамбергенов, судья А.Мизанбаев, аудандық прокуратураның прокуроры Е.Есмаханбай, аудандық полиция бөлі­мінің бастығы міндетін атқарушы Е.Жаналиев, АПБ-нің тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі Н.Шайдазім, жеке сот орындаушы Ж.Тұңғышбаев қатысты.

Онлайн отырысты ашқан аудандық сот төрағасы Р.Алдамбергенов шілде айынан бастау алған мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану тәртібіне тоқталып, атқарушылық іс жүргізудің жалпы тәртібіне енгізілген өзгерістер мен оны жетілдіру мәселелері бойынша бірқатар заңдардың күшіне енгені жөнінде айтты. Жаңа заң талаптарында жеке сот орындаушысының ұсынысы бойынша борышкерге іздеу жариялау мәселесі прокуратура органдарына берілгенін, жалақы бойынша берешекті өндіру, атқарушылық құжат күшіне ие мемлекеттік еңбек инс­пекторының нұсқамасы негізінде сотқа жүгінбей жүзеге асырылатынын ескертті. Сонымен бірге ҚР Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 130-бабы «Жала жабу» Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 73-3-бабына ауыстырылғанын мәлімдеді.

Өз кезегінде сот төрағасы борыш­кердің шет елге шығуын шектейтін қарыз мөлшерінің ең төменгі шегі 20-дан 40 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылғанын жеткізді. Бұл ретте Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу борышкер болып табылатын жеке тұлға, заңды тұлға басшысына (міндетін атқарушы) уақытша шектеуді қолдану туралы тиісті түрде хабарланған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін қойылады. Борышкер сот орындаушысының талаптарын белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда сот орындаушысының ұсынуы бойынша сотпен өндірілетін өсімпұл мөлшері азайтылғанын, яғни жеке адамдардан 2 АЕК және заңды тұлғалардан 10 АЕК, шекті мөлшері жеке тұлғалар үшін 360 АЕК, заңды тұлғалар үшiн 900 АЕК асыруға болмайтындығы Заңмен белгіленген. Сот приставы бұдан былай сот орындаушыларының мүдделерін көздейтін қорғауды қамтамасыз етуге, адамдарды күштеп алып келуге, көмек беруге міндетті еместігін атқарушылық іс жүргізу барысында шақырту тәртібі айтарлықтай өзгергені жиында талқы­ланды.

Жиын барысында судья А.Мизанбаев тергеу судьясының қызметіне қатысты туындаған біршама сұрақтарға тоқталып, тергеу судьясымен санкцияланатын мәселелер бойынша қысқаша түсіндірме берді.

Шара соңында жиынға қатысушылар жоғарыдағы Заңдағы өзгерістерге байланысты өз ойларын ортаға салды.
28 шілде 2020 ж. 428 0