ЗАҢДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Жақында аудандық сотта «Қылмыстық және қылмыстықпроцестік заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі» тақырыбында семинар өтті.
Шараға сот төрағасы А.Абдулла, судья Ж.Жолдасов, аудан прокурорының міндетін атқарушы С.Қосқан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің орталық аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы Қ.Рахметов, Сырдария АІІБ-нің бастығы Е.Сағидуллаұлы, Сырдария аудандық пробация қызметінің инспекторы А.Бақдаулетов қатысты.
Шараны сот төрағасы ашып, жүргізді. Ол өз баяндамасында 2018 жылғы 31 шілдеден бастап, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы және құқық қорғау мен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 12 шілдедегі №180-VI Заңы қолданысқа енгізілгенін айтты.
Сонымен қатар, сот төрағасы бұл Заң іс-әрекеттің қылмыстылығын және жазаланушылығын жойып, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жауаптылығы мен жазасын жеңілдетіп, өзге де түрде жағдайын жақсартатын нормаларды қамтитындығын және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 6-бабына сәйкес осындай нормалардың кері күші болады. Заң қолданысқа енгізілгенге дейін тиісті ісәрекетті жасаған адамдарға, оның ішінде жазасын өтеген, бірақ сотталғандығы бар адамдарға қолданылатындығын түсіндірді.
Шараға қатысушылар Заңдағы өзгерістерді белсенді талқылап, алдағы уақытта атқаратын жұмыс жоспарларын бекітті.
Айдана МАРАТҚЫЗЫ