Медициналық құралдар алып берді

Оттегі ылғалдандыратын аппараттар пен монометр құрылғыларын кәсіпкердің ұлы Серікбол Жұбан аудандық аурухана қызметкерлеріне тапсырды.
– Ел басына қиыншылық келген кезде ауруханада науқастардың өмірі үшін күресіп жатқан дәрігерлерге қолдау көрсетіп, науқастарға дерттеріне шипа болсын деген ниетпен көмек қолын созып жатырмыз. Бұл індетпен бірлесе күреспесек, оны жеңіп шығу қиын. Сол себепті де қолдан келген көмегімізді көрсету, жауапкершілікті сезіну – баршамызға ортақ деп санаймын. Осы алынған медициналық құрылғылар науқастардың ем алуына септігін тигізсе, біз үшін үлкен қуаныш, – дейді С.Жұбан.
Індетпен күресте аса маңызды құрылғыны қабылдап алған медицина қызметкерлері көмек қолын созған кәсіпкерге алғыс айтып, кәсібіне береке тіледі.