Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 2 дана оттегі жеткізуші аппарат алып берді

2 дана оттегі жеткізуші аппарат алып берді

Коронавирустық инфекциямен күресте көмек көрсетіп келе жатқан жанашыр азаматтар қатары толастар емес. Кеше Қызылорда облыстық құрылысшылар Қауымдастығының төрағасы, «Промстройсервис.Е» ЖШС-нің бас директоры, сырдариялық жерлесіміз Манарбек Еспенбетов аудандық ауруханаға 2 дана «Armed» оттегі жеткізуші аппараттын жеткізіп берді.

Жанашыр азамат облысқа аймақ құрылысшылары атынан аталған медициналық құрылғының 32 данасы алынғанын жеткізді. Олардың көбісі облыс орталығындағы ауруханаға үлестірілсе, соның 2-ін сырдариялық жерлесіміз аудандық ауруханаға әкеліп тапсырды.

– Індетпен күресте аймақ құрылысшылары да үлес қосуда. Соған орай науқастарға қажетті оттегі жеткізуші аппарат алып беру ұйғарылды. Оның ішінде аудан тұрғындарына да көмек ретінде осы 2 дана оттегі концентраторын жеткізіп отырмыз. Науқастардың емделуіне үлесімізді тигізсек, біздің осындай қиын кездегі бір-бірімізге деген жанашырлығымыз, ауызбірлігіміз байқалады. Сондықтан осы жердің азаматы ретінде көмек қолын созуды міндетім деп санаймын, – деді Манарбек Нағымұлы.

Оттегі жеткізуші аппараттарды аудандық медицина қызметкерлері қабылдап алды. Аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Ж.Жұмабаева жанашыр азаматқа алғыс білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

Айта кетейік, 1 дана «Armed» оттегі жеткізуші аппараттының құны 550 мың теңгені құрайды.

19 шілде 2020 ж. 546 0