Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады

Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады

12-14 қарашада республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр және қар аралас жауын-шашын жауады, деп хабарлайдыEgemen.kz.


Синоптиктердің болжамына сәйкес, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Елдің батысында, солтүстігінде, орталығында, ал 13 қарашадан бастап оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, елдің шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Ауа температурасы:

Батыста түнде температура 2-9 градусқа дейін жоғарылайды, күндіз 8-17 градус жылы болады.Солтүстікте түнде сынап бағанасы 2-10 градус аязға дейін төмендейді, күндіз негізінен 2 градус аяз бен 5 градус жылы аралығында болады.Орталықта және шығыста түнде 5-15 градус аязға дейін төмендейді, күндіз негізінен 3 градус аяз бен 5 градус жылы аралығында болады.

«Ал оңтүстікте – түнде 1-8 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 5-12 градус жылыға дейін жоғарылайды. Оңтүстік-шығыста түнде 3-8 градус, таулы аудандарда 11-16 градус аяз болады. Күндіз 2-10 градус жылыға дейін жоғарылайды, таулы аудандарда 1-6 градус аяз болады», делінген хабарламада.

Бүгін Ақмола, Абай, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Жетісу, Павлодар, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарындағы ауа райына байланысты 12 облыстың көлік жүргізушілеріне ескерту жарияланды.

Сурет: kazhydromet.kz




11 қараша 2026 ж. 18 0