Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бесарық ауылында мобильді медициналық топ профилактикалық тексеру жүргізді

Бесарық ауылында мобильді медициналық топ профилактикалық тексеру жүргізді

Тұрғындардың денсаулығын сақтау, аурулардың алдын алу және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында әр жұма сайын елді мекенде аудандық аурухана ұжымының ұйытқы болуымен мобильді медициналық топтың жұмысы ұйымдастырылады. Кезекті медициналық тексеру Бесарық ауылында өткізілді.

Мобильді топ құрамында акушер-гинеколог Н.Әбішова, онколог М.Халыбева, психиатр С.Бакишева, психолог М.Маханбетжанов және ерлер кабинеті фельдшері Н.Қошанов болды.
Мамандар бала туу жасындағы әйелдер арасында профилактикалық қарап-тексеру жұмыстарын жүргізді. Әсіресе денсаулық жағдайына байланысты жүктілікке қарсы көрсетілімі бар IIВ және V топтағы әйелдерді сауықтыруға басымдық берілді. Сонымен қатар диспансерлік есепте тұрған науқастарға медициналық бақылау жүргізіліп, қажетті кеңес берілді.

Мұндай мобильді медициналық тексерулер ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайтуға, ауруларды ерте анықтауға және уақытылы емдік-сауықтыру іс-шарасын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

11 қараша 2026 ж. 32 0