Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық бюджет есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Аудандық бюджет есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Ауданның басты мәдениет ошағы саналатын аудандық мәдениет үйі биыл аудандық бюджет есебінен ағымдағы жөндеуден өткізіліп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет осы жұмыстардың атқарылу барысымен танысты.

Құрылыс жұмыстарымен аудандық мәдениет үйінің директоры Н.Көшербаев таныстырды. Нұрхан Серікұлы аудандық мәдениет үйі 1974 жылы салынғанын, бұған дейін 2013 жылы күрделі жөндеуден өткізілгенін айтты. Биыл аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер компания «Ремстрой» ЖШС ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда мәдениет үйінің шатыры жаңартылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Аудандық мәдениет үйінің фоесінде «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұ.Жанәлиева осындай күрделі кезеңде жанашыр азаматтар қолдан келген көмектерін көрсетіп жатқандығын айтты. Науқастарға қажетті дәрі-дәрмек пен медициналық құралдар алып беруде сырдариялық кәсіпкерлер жомарттық танытуда екенін жеткізіп, ризашылығын білдірді. Сондай-ақ аудан әкімдігі тарапынан 25 медицина қызметкерін күнделікті бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етуді үйлестіріп отырған жергілікті кәсіпкер А.Әбдуомар осындай шақта елмен бірге екендігін атады.

17 шілде 2020 ж. 689 0