Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ДДСҰ: Босаңсуға болмайды – вирус таралып барады

ДДСҰ: Босаңсуға болмайды – вирус таралып барады

ДДСҰ Еуропалық бюросының төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры Дорит Нитцан вируспен күресте әлі босаңсуға болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пациенттің COVID-19 ауруына немесе басқа сырқатқа шалдыққанын анықтауда бұл маңызды қадам. Қайта классификациялау COVID-19 жағдайларының өскенін көрсетеді. Қайта есептеу барысында өсім күрт артады. Алайда бұл елде COVID-19 жұқтыру жағдайы артып кеткенін білдірмейді», - деді деді Дорит Нитцан ОКҚ алаңы арқылы онлайн байланысқа шыға отырып.

Дорит Нитцан әзірге жұмысты әлсіретпеу керектігін атап өтті. «Вирус таралып барады. Тоқтата алатын бәрінің де көмегі керек. Барлық деңгейдегі мемлекеттік құрылым, медицина қызметкерлері, азаматтық қоғам – бәрі көмектесуі тиіс», - деді ол.

Еске сала кетсек Қазақстанда пневмониямен ауырғандар КВИ жұқтырғандардың статистикасына енгізілетін болды. Осылайша COVID-19 бойынша жаңа статистика 1 тамыздан бастап жүргізіледі.

17 шілде 2020 ж. 540 0