Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 41 газет

02 маусым 2020 ж.

№ 40 газет

30 мамыр 2020 ж.

№ 39 газет

26 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Мадонна қайырымдылық қорына 1 миллион доллар берді

Мадонна қайырымдылық қорына 1 миллион доллар берді

COVID-19 коронавирусын емдеу әдістері мен диагностикасына 60 миллион долларға жуық қаражат жұмсалады

Танымал эстрада әншісі Мадонна жаңа коронавирустық инфекцияның емін іздеу мақсатында құрылған Bill & Melinda Gates Foundation қайырымдылық қорына 1 миллион доллар берді, деп хабарлайды Sputnik Радиосы.

"Бұл ақша қордың тікелей өзіне емес, Gates Philanthropy Partners серіктестері басқаратын COVID-19 қорына түседі", – деді ұйым өкілдері.

Ал әнші өзінің веб-сайтында COVID-19 індетін алдын-алуға және оны емдеуге арналған дәрі-дәрмек табуға әрекеттенген Bill & Melinda Gates Foundation қорын барынша қолдайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол дәрігерлер мен ғалымдарға және алғаш көмек көрсететін мамандарға зор ризашылық білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін Microsoft корпорациясының негізін қалаушы, миллиардер Bill & Melinda Gates Foundation қайырымдылық қоры COVID-19 коронавирусының таралуына қарсы күреске 100 миллион долларға дейін қаражат бөлетіні белгілі болған. Қор өкілдерінің айтуынша, COVID-19 коронавирусын емдеу әдістері мен диагностикасына және жаңа вакцина түрін дайындауға әрі тестілеуді жылдамдатуға 60 миллион долларға жуық қаражат жұмсалады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, әлемде вирус жұқтырған адамдардың саны миллионнан асады, ал оның 50 мыңнан астамы құрбан болған.



05 сәуір 2020 ж. 351 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам