Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ COVID-19 жұқтырған адам саны бойынша үшінші орынға шықты

АҚШ COVID-19 жұқтырған адам саны бойынша үшінші орынға шықты

АҚШ COVID-19 жұқтыру бойынша Қытай мен Италиядан кейін үшінші орынға шықты. Мұндай мәліметті федерал және жергілікті статистиканы жүргізетін Джонс Хопкинс америкалық университеті келтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Университет мәліметі бойынша АҚШ-та барлығы 25 493 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырып, 307 адам қайтыс болған. Бүгінде АҚШ коронавирус жұқтырған адам саны бойынша Қытай (81 мыңдай) мен Италиядан (53 мыңдай) кейін үшінші орында тұр. Ал Испанияда COVID-19 жұқтыру бойынша адам саны АҚШ-тан небәрі 100-ге аз болған күннің өзінде, қайтыс болғандардың саны 1,3 мыңға жуық болды. Соңғы аптада АҚШ-та қайтыс болғандардың саны 10 есе ұлғайған. Еске салайық, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады. Пандемия – бұл әлемдік ауқымдағы жаңа аурудың таралуы. Әдетте пандемия бүкіл халықтың едәуір бөлігін зақымдайтын жаппай сипат алған ауруды білдіреді.

22 наурыз 2020 ж. 870 0