Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Коронавирус: Италияда бір тәулікте 793 адам қайтыс болды

Коронавирус: Италияда бір тәулікте 793 адам қайтыс болды

Италияда коронавирустың жаңа түрінен бір тәулікте 800-ге жуық адам қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Италия еуропа құрлығында коронавирус жұқтырғандардың саны бойынша бірінші орында тұр. Бүгінде 53 мыңға жуық италиялық COVID-19 жұқтырған. Елде бір тәуліктің өзінде 793 адам қайтыс болған. Жалпы көз жұмғандардың саны - 4825. 
"Вирустан жазылған адам саны 943-ке жеткен, барлығы 6062 адам", - деді Италияның азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Боррелли. Бір күн бұын вирустан 689 адам жазылғаны белгілі болған. 
Борреллидің айтуынша, жұқтырғандардың 6,7 пайызы (2,8 мыңнан аса) қарқынды терапия бөлімінде жатыр. Қайтыс болған және сауығып кеткендерді қоса алғанда, жұқтыру жағдайларының жалпы саны 53 мыңнан асты.
Италияның Aзаматтық қорғаныс қызметінің статистикасына сәйкес, елде бір тәулікте коронавирусқа 27 мыңға жуық адам тест тапсырған. 
22 наурыз 2020 ж. 702 0