Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№83 газет

03 қараша 2026 ж.

№82 газет

29 қазан 2026 ж.

№81 газет

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Сovid-19: Соңғы тәулікте 23 жағдай тіркелді

Сovid-19: Соңғы тәулікте 23 жағдай тіркелді

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 380-ге жетті. Ал сауығып шыққандар саны – 233. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
« Соңғы тәулікте 23 дерек тіркелді. Оның ішінде Қызылорда қаласынан - 20, Жаңақорғаннан - 2, Аралдан - 1 жағдай тіркелген. Анықталғандардың 6-ы емхана мен аурухана скринингінен, 15 жағдай қарым-қатынас арқылы, ал екі жағдай өз еркімен ақылы сынама тапсырып, анықталған»,-деді бас дәрігер.
Сондай-ақ, індет жұқтырғандармен байланыста болған- 4708 азамат анықталды. Оның ішінде, 2627-і тікелей қарым-қатынаста, 2081-і ықтимал қарым-қатынаста болған. Бұдан бөлек, инфекциялық стационарда 147 адам ем алуда. Оның 31-і провизорлық стационарда, ал 296 азамат карантиндік бақылауда. Барлығы -474 жағдай.
Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.
31 мамыр 2020 ж. 952 0