Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Жаңақорған ауданында тағы бір адамнан коронавирус анықталды

Жаңақорған ауданында тағы бір адамнан коронавирус анықталды

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырудың тағы 1 оқиғасы тіркеліп, жалпы саны 25 науқасқа жетті. Бұл туралы өңірлік коммункикациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 
«Бүгінгі таңда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны 25 адамға жетті. Қазіргі күні анықталған 25-ші науқас – 28 жастағы ер адам, Жаңақорған ауданының тұрғыны. Ол осы ауданда алдында анықталған науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан оқшауланған болатын. Бүгінде жағдайы қанағаттанарлық. Жалпы, облысымызда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста, байланыста болған 485 адам анықталды. Оның 133 – карантиндік стационарда, 302 – үй карантинінде жатыр», – деді Жақсылық Абдусаметов.
Басқарма басшысының айтуынша, облысымызда коронавирус инфекциясын жұқтырған 25 науқастың барлығы қазіргі таңда жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатыр.
01 сәуір 2020 ж. 713 0