Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Мобильдік топ тегін қызмет көрсетуде

Мобильдік топ тегін қызмет көрсетуде

Бүгінде эпид ахуалдың күрделенуіне байланысты қалада жедел-жәрдем қызметінен бөлек мобильдік топтар қызмет көрсетуде. № 6 қалалық емханадағы мобильдік топ қызметінің жұмысы жүргізілуде, – деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұл емхана 65 214 тұрғынға қызмет көрсетеді. Медициналық нысанға қарасты аумақ үлкен болуына байланысты аймақтарға бөлініп, наурыз айынан бастап 4 мобильді топ бекітілген. Ал емханада арнайы құрылған Call орталықта 4 оператор шақыртуларды қабылдап, жауапты мобильдік топ дәрігеріне науқастың мекен-жайы мен жағдайын хабарлайды.
Дәл қазіргі уақытта Call орталыққа күніне 200-220 шақырту түсіп, әр дәрігер кем дегенде 50-ден астам пациентке көмек көрсетеді.
«Шақыртулардың 90 проценті салқын тию, дене қызуының көтерілуі, құрғақ жөтелге байланысты болып отыр. Дәрігерлер пациенттің үйіне барысымен дене қызуын өлшеп, тамағын қарап, өкпесін тыңдайды. Егер науқастың жағдайы ауыр халде болса, кезекші ауруханаға тасымалдайды. Арнайы мониторинг барысында пациенттердің 70 процентіне ЖРВИ, 20 процентіне пневмония диагнозы қойылатыны анықталды. Айта кету керек, пневмониямен ауырған сырқаттарға дәрі-дәрмек тегін берілуде және науқастар үй жағдайындағы күндізгі стационарда емделуде. Дәрі-дәрмек жеткілікті», – деді бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Нұргүл Жалғасбаева.
09 шілде 2020 ж. 453 0