Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Жедел жәрдем қанша уақытта жетуі тиіс?

Жедел жәрдем қанша уақытта жетуі тиіс?

Жедел жәрдем науқастың өміріне немесе денсаулығына айқын қауіп болмаса, шақырту орнына 60 минутқа дейінгі уақытта жететін болып өзгерді.

Бұл туралы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының м.а. Бауыржан Жүсіпов ОКҚ брифингінде айтты, деп хабарлайды 24.kz

«Жедел көмек бригадасының шақырту орнына орташа жету уақыты 12 минуттан 13 минутқа артқаны байқалады. Бұл ретте бекітілген ережеге сәйкес, жедел жәрдемнің келу уақыты шақыртулардың жеделділік санатына байланысты екенін айта кету керек. Егер науқастың өміріне немесе денсаулығына қауіп төніп тұрса, жедел медициналық көмек бригадаларының жету уақыты 10-15 минуттан аспауы керек. Ал науқастың өміріне немесе денсаулығына айқын қауіп болмаса, келу уақыты 60 минутқа дейін өзгерді», - деді Бауыржан Жүсіпов.


24 маусым 2020 ж. 856 0