Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мәжіліс өтті

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мәжіліс өтті

Аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Қарсақбаевтың төрағалығымен Zoom платформасында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы кейбір мәселелер бойынша мәжіліс өтті. Мәжіліске барлық мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен мамандары қатысты. Өз кезегінде мәжіліс төрағасы Б.Қарсақбаев ауданда қалыптасып отырған эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық мемлекеттік органдардың жұмысына ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтіп, мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға бағытталған шараларға тоқталды.

Бүгінде ауылдық округі әкімі аппараттарында, білім беру ұйымдарында, балабақшаларда, мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органдар ғимараттарында өзін-өзіне қызмет көрсету бұрыштары ашылған. Қызмет көрсету бұрыштары арқылы қызмет алушылар, электрондық үкімет порталы арқылы алу мүмкіндігі толық шешілген. Сондай-ақ, өзін-өзіне қызмет көрсету бұрыштары қызмет алуға қажетті барлық техникалық құралдармен қамтамасыз етілген.

Жиын соңында мәжіліс төрағасы мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органдар басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
04 шілде 2020 ж. 524 0