Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Электронды мемлекеттік қызмет едәуір тиімді

Электронды мемлекеттік қызмет едәуір тиімді

Бүгінгі күні мемлекеттік көрсетілетін қызметті қолдан­байтын адам жоқ. Себебі адамның дүниеге келуінен бастап туу туралы куәлік алу, баланы балабақша кезегіне қою, емханаға тіркелу, мектепке бару, оқуға түсу үшін құжаттар тапсыру, жұмысқа орналасу барысында тест тапсыру, зейнетке шығуға байланысты төлемдерді рәсімдеу шараларының барлығы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді уақытылы әрі сапалы ұсыну – мемлекеттік органдардың басты міндеттерінің бірі. Осы орайда аудан әкімі аппаратының цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы Нұрбол Исаевпен сұхбаттасқан едік.
– Нұрбол Ерболұлы, сұхбаты­мызды мемлекеттік көрсетілетін қыз­меттерді электронды түрде алу­­­дың маңыздылығынан баста­сақ.
– Әрине, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің электронды түрде көр­сетілуі біріншіден, сыбайлас жемқор­лықтың алдын алады. Сонымен бірге халық бұрынғыдай кезек күтіп, шар­ша­майды, уақыт үнемдейді. Бұл ба­ғытта «Электрондық үкімет» веб-порталы енгізіліп, жыл сайын жүйе жетілдіріліп келеді. «Электронды үкі­мет­ті» енгізудегі басты мақсат – аза­мат­тардың мемлекеттік органдарға ті­келей жүгінуін азайтып, қызметтерді жылдам әрі сапалы көрсету. Оған қоса Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында 2019 жылы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі мемлекеттік қыз­меттерді 80%, ал 2020 жылы 90% электрондық форматқа көшіру тап­сырылған. Біз осы бағытта қарқынды жұ­мыс жасап келеміз.
– Компьютер арқылы ғана емес, қалта телефоны арқылы да түрлі анықтамаларды алуға болады деп естиміз. Осы жөнінде айтсаңыз.
– Дұрыс айтасыз, ұялы телефон арқылы да мемлекеттік қызметтерді алуға болады. Ол үшін ұялы телефонға «mgov» мобильдік қосымшасын жүктеу керек. Мемлекеттік қызметтерді «Telegram» мобильдік қосымшасындағы «Egov­KzBot» арқылы да алуға болады.
Аудандағы мемлекеттік меке­мелер тарапынан мемлекеттік қыз­меттің қанша түрі көрсетіледі?
– Бүгінгі күнге Сырдария ауданы та­ра­пынан жергілікті атқарушы ор­гандар арқылы 97 мемлекеттік қыз­мет түрі көрсетіледі. «Цифрлық Қазақ­стан» мемлекеттік бағдарламасы ая­сын­­да Сырдария ауданы бойынша жал­пы 2400 тұрғынға компьютерлік сауат­тылығын арттыру жұмыстары жүр­гізілді. Компьютерлік сауаттылығын арт­тыру курстары «Базалық дағдылар», «Электронды сауда», «Электронды үкі­мет», «Ашық үкімет» бағыттары бойын­ша өткізілді. Аталған жұмыстар 2020 жылға да жоспарланған. Жыл көле­мінде электрондық қызметтердің үлесін арттыру әрі қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында аудандық дербес бөлімдерде, сондай-ақ интернет желісі тартылған ауылдық округ әкімі аппараттарында, техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарында өзіне-өзі қызмет көрсету «Е-gov» бұрыштары ашылып, қызмет алушыларға қызметті электронды түрде алу бойынша кеңес­тер берілуде.
Аудан бойынша атқарылып жат­қан жұмыстар жөнінде мәлімет берсеңіз.
– Жоғарыда айтқанымдай, аудандағы жергілікті атқарушы органдар арқылы 97 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтің 58 түрі көрсетіледі. 2019 жылы ішкі мемлекеттік қызмет алушыларға жалпы 21938 қыз­мет көрсетілді.
– Өзін-өзіне қызмет көрсету бұ­рыш­тарын ашу жөнінде тапсырма берілгенін білеміз. Бұл тапсырма аудан бойынша қаншалықты дең­гей­де орындалды?
– Аудандағы кент және ауылдық ок­руг әкімдіктерінде және мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органдар ғимараттарында өзін-өзіне қызмет көрсету бұрыштарын түгел ашылып, жұмыс жасауда. Аталған бұ­рыш­тарға жауапты мамандар бекітілді. Сонымен қатар аудандағы мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімдерге 2019 жылдың әр айының 24-29 күндері ара­лығында «Ашық есік» күндері өткізілуде. Бекітілген іс-шаралар жоспары негізінде мемлекеттік қызмет жәрмеңкелері қа­зіргі таңда аудан орталығында, Айдар­лы, Аманкелді, Жетікөл, Бесарық, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Н.Ілиясов, Ша­ған ауылдарында ұйым­дастырылды. Қыз­мет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы орган­дардың ғимараттары ақпараттық стенд­тер­мен жабдықталды. Керекті ақ­па­­раттың уақыты, қызметтің түр­лері және қызмет көрсетушінің аты-жөні6 тағы басқа мәліметтер стендтерде орналастырылған. Бұл мәлімет аудан әкімі аппаратының http://syrdarya.gov.kz/ интернет-ресурсында және халыққа қызмет көрсету орталықтарында орна­ластырылған. Жалпы өткен жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты арыз-шағымдар түскен жоқ. Алдағы уақытта да халыққа тиімді әрі сапалы мем­лекеттік қызмет көрсете бе­ре­міз.

Сұхбаттасқан Е.БЕРКІНБАЕВ

18 қаңтар 2020 ж. 669 0