Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шіркейлілік оқушы 130 балл иеленді

Шіркейлілік оқушы 130 балл иеленді

Күні кеше Ұлттық Бірыңғай Тест тапсырған Шіркейлі ауылындағы №129 Ә.Жәмішев атындағы мектеп-лицейдің жас түлегі Ұлман Оңғарбаева мүмкін болған 140 балдың 130 балын иеленді. Ұлман – Алтын белгі иегері. Ол білім сынағында оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылықтан 20 сұрақтың барлығына дұрыс жауап берген.

Осы білім ошағының оқушысы Бағдат Айтқожаев та жақсы көрсеткішке қол жеткізді. Оның жинаған балы –115-ті құрады.

Жалпы мектеп-лицейден ҰБТ тапсырған 7 мектеп бітірушінің бесеуі 100 балдан жоғары алып, орташа балл 100,3 құрады.

Айта кету керек білікті басшы Жанболат Назаров басқаратын ұжым екі жыл қатарынан "Үздік ұжым" номинациясының ауыспалы туын жеңіп алған болатын. Толағай жетістік иегерлерін құттықтаймыз!
Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
30 маусым 2020 ж. 2 051 0