Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Жұмысшы топ түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

Жұмысшы топ түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

Төтенше жағдай режимі тоқтатылғаннан  бері карантин шаралары босансып, короновирус инфекциясын жұқтыру деректері жоғары көрсеткішке ие.  Бұл ретте  Асқар Тоқмағамбетов  ауылының тұрғындарының  жиі баратын орны елді мекенде орналасқан сауда дүкендері екені белгілі. Қазіргі таңда карантин  уақытында  кәсіпкерлік нысандарының санитарлық талапқа сай жұмыс жасауы маңызды.  

Өз кезегінде індеттің таралуын алдын алу мақсатында аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Е.Ахетов, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Ж.Қасымханов, «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі Б.Ордабеков А.Тоқмағамбетов ауылындағы «Нұр», «Жанат», «Айжан» дүкендерін аралап көрді.

Онда сала мамандары  санитарлық талаптарға сай жұмыс жасау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қарапайым санитарлық талаптарды сақтап, қауіпті індетпен күресуіміз қажеттігі ескертілді.
01 шілде 2020 ж. 623 0