Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Күшейтілген талап жауапкершілік жүктейді

Күшейтілген талап жауапкершілік жүктейді

Сырдария аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары, ауданда көлемінде орналасқан қоғамдық  тамақтану орындары мен сауда дүкендерінде коронавирус  індетін алдын  алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Өз кезегінде сала мамандары «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің  22 мамыр 2020 жылғы  № 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 30 мамыр 2020 жылғы №38 қаулысының 25-қосымшасына сәйкес, жеке қорғаныш құралдарын пайдалану және кәдеге жарату жөніндегі ұсынымдарды орындау, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен жұмыс жасау  жөнінде айтты.

Талаптарды қатаң сақтап  орындау қажеттігін, сыртқы ортадан  вирустың ішке енбеуі жолдарын үзу керектігі айтылды. Жеке бас гигиенасын  қатаң сақтау жөнінде кеңінен мағлұмат берді. Белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда  әкімшілік шаралар  қолданылатыны ескертілді.

tirshilik-tynysy.kz  хабарлайды
03 маусым 2020 ж. 492 0