Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » ТҮЛЕКТЕР – ЕЛІМ ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕКТЕР

ТҮЛЕКТЕР – ЕЛІМ ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕКТЕР


Туған жерге деген құрмет сезімі - әрбір адамның қанында бар қасиет екендігі даусыз. Бұл жөнінде Елбасымыздың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан артық сөз айта алармыз ба? Қалжан ахун ауылындағы №126 орта мектебінен талай шәкірттер түлеп ұшып, Қазақстанның түкпір-түкпірінде еңбек етіп жатқаны ұстаздар қауымы үшін зор мақтаныш. «Туған жер» бағдарламасына үн қосып, жүрегі елім деп соғып, елге қамқорлық танытып жүргендері де бар. Жақында мектебіміздің 1990-1991 оқу жылының түлегі мектептегі бір оқушының әлеуметтік жағдайына демеушілік жасады. Қайырымды азамат Талғат Бодыбаев Есенгелдіұлы – Жалағаш ауданындағы Ақсу ауылының шаруашылық директоры. «Жақсының жақсылығын айт - нұры тасысын» дегендей шын мұқтаж жанға қиналған сәтте қолдау білдіргені үшін Талғат Есенгелдіұлына алғысымыз шексіз.
Осылай оқушыларды әлеуметтік қолдау шаралары мектебімізде оқу жылы басында ғана емес, жыл бойына ұйымдастырылып отырады. «Киімің тозса да, өмірің тозбасын» деп жатпай ма халық. Қыстың қырқасы көрінгенде балалардың киімін бір бүтіндеп алған абзал. Осы мақсатта жақында №126 орта мектебінде қайрымдылық шарасы өткізілді. Қалжан ахун ауылындағы жаңа мешіттің имамы Нұрдәулет Жалғасбекұлының ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы төмен жеті оқушыға қыстық киімдер, аяқ киімдер берілді. Қайырымдылық шарасына ата-аналар, ұстаздар, оқушылар қатысты. Мектеп директоры Мұрат Төлегенов әлеуметтік жағдайы төмен 45 оқушыға бір мезгіл ыстық тамақпен және киім-кешекпен қамтамасыз етуде мемлекет тарапынан қамқорлықтар жасалып отырғандығын айта отырып, қосымша осындай демеушілік жасап, жақсы істің басы-қасында жүрген жанашыр жандарға алғысын білдірді.

Самат Жұмаділ,
№126 орта мектебінің
педагог-ұйымдастырушысы
30 қараша 2017 ж. 2 367 0