Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » ҰБТ-2020: елімізде тестілеу басталды

ҰБТ-2020: елімізде тестілеу басталды

Бүгін, яғни 21 маусымнан елімізде Ұлттық біріңғай тестілеу басталды. Биыл тестілеуді тапсыруға 131 755 талапкер өтініш білдірген. Ал ҰБТ-ның алғашқы күні 6,5 мың адам тест тапсырады, – деп хабарлайды egemen.kz
Талапкер тестілеуге кіру алдында дезинфекциялаудың 5 кезеңінен (тоннель, аяқ киімін тазартатын кілемше, қолын ан­тисептикпен сүрту, дене қы­зуын өлшеу) өтеді. Осыдан соң тест тапсырушы өзінің бет әл­петін арнайы бағдарлама ар­қылы сәйкестендіріп, өзі та­ғып келген медициналық мас­касын кіреберісте берілетін жаңасымен алмастырады. Әрі қарай жылдағыдай тексеріспен (ҰБТ-ға рұқсат етілмейтін зат­­тардың бар-жоғын бақы­лау) тестілеуге кіріп, ауди­то­риядағы арақашықтығы сақ­талған орынға отырады. Ал тестілеу өткізілетін аудитория уақтылы желдетіліп, тес­тіленушілердің әр легінен соң та­зартылуы тиіс.
Еен
Пандемия кезіндегі ҰБТ-да бұрынғыдай ата-аналарға және басқа да адамдарға ҰБТ өткізу пунктеріне келуге және ғимарат аумағында болуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Әрбір аудиторияда бейнебақылау камерасы орнатылған, ата-аналар үшін онлайн-трансляция қолжетімді болады.
Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу барысын құрамына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мен қоғам қайраткерлері кіретін арнайы мониторинг топтары бақылайды. 
Е
Естеріңізге сала кетейік, карантин талаптарының күшейтілуіне байланысты ірі қалалардағы талапкерлер ҰБТ өткізу пункттеріне арнайы жеткізілетінін жазғанбыз
21 маусым 2020 ж. 501 0