ҰБТ-2018: Алғашқы күннің қорытындысы
Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Рамазан Әлімқұлов ҰБТ-ның алғашқы күнінің қорытындысын жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, кеше Республика бойынша 13 897 мектеп түлегі тест тапсырды. Олардың 15,5 проценті, яғни 2 102 адам шекті ұпайды жинай алмады.
"Енді, тамыз айында олар тестті екінші рет тапсыра алады. Одан да өте алмаса, жоғары оқу орнының ақылы бөліміне қабылдана береді. Бірақ бірінші семестрден кейін, яғни келесі жылдың қаңтар айында тест тапсырып, өз білімін көрсетуі керек", - деді Р.Әлімқұлов Астанада өткен баспасөз мәсиxатында.
Орталық басшысының сөзіне қарағанда, 11 795 мектеп түлегі тестті ойдағыдай тапсырып шықты. Олардың жинаған орташа ұпайы 80,9-ды құрады. Өткен жылы аталған көрсеткіш 77,5 ұпай болған. "Демек, биыл орташа ұпай 4 процентке көтеріліп отыр деуге болады. Алғашқы күні толық 140 ұпайды жинаған адам болған жоқ. Алайда бір түлек 137 ұпайды жинады. Алда әлі жеті күн бар. Сондықтан ең жоғары ұпай жинайтын мектеп түлектері болады деген сенім бар", - деп атап көрсетті Р.Әлімқұлов.
Айта кетейік, кеше республика бойынша тест тапсыруға барлығы 14 250 адам өтініш білдірген болатын. Алайда тестке 13 897 адам келді. Осылайша, алғашқы күні мектеп түлектерінің 97 проценті ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты.
Пікір 2