ҰБТ тапсыратын азаматтар нені білу керек?
Биыл азаматтар тестілеуге қатысу үшін құжаттарды онлайн түрде тапсыра алады. Сондай-ақ, Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ өтетін әр аудиторияда онлайн-көрсетілімін іске қосуды жоcпарлауда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз маслихатында Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов мәлімдеді.
«Алдағы уақытта Digital agent қосымшасы арқылы азаматтар тестілеудің ашықтығын бақылай алады. Мұнан өзге, Ұлттық тестілеу орталығы бизнес-процестерді оңтайландыру, ашықтықты арттыру және жемқорлыққа қарсы тиімді инфрақұрылым құруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық технологияларды енгізу үшін жұмыстар істеуде»,- деді Дидар Нұркенұлы.
Сонымен қатар, тестілеу ережелерінің сақталуын жасанды сана бақылайды. Компьютерлік бақылау негізінде өздігінен жұмыс атқаратын жүйе автоматты түрде смартфон,қағаз жазба қолдану(шпаргалка), тест тапсырушылардың орнына бөгде тұлғалардың кіргенін анықтай алады. Жаңа ережеге сәйкес, азаматтар тыйым салынған заттарды қолданса немесе алып кіруге тырысса тестілеуден босатылады.
Өңірлік Коммуникациялар қызметінің фейсбук парақшасынан алынды