COVID-19: Ауданда 4 жағдай тіркелді

Соңғы аптада 1 науқас жоспарлы ем алу алдында, 2 науқас провизорлы стационарда және 1 науқас тығыз қатынаста болуына байланысты COVID-19-ға сынама тапсыру нәтижесінде вирус көзі «оң» нәтиже берген. Қазіргі таңда сиптомсыз белгілері болмағандықтан екі науқас үй карантиніне алынса, 2 науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында хаттамаға сәйкес ем жүргізілуде.
Ауру ошақтарында мамандар індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырды. Сонымен бірге, қарым-қатынаста болғандар анықталып, тиісті сынамалар зертханаға жолданды. Ауру ошағында қорытынды залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, тығыз қарым-қатынаста болған адамдар үй карантиніне оқшауланды.
Айта кету керек, аудан бойынша қазіргі таңда жалпы 33 зертханалық нақтыланған жағдай анықталып отыр. Оның ішінде сиптомды 29, сиптомсыз 4 жағдай тіркелген.
Балтабай ОРДАБЕКОВ