Сырдарияда 13 тұрғыннан коронавирусқа қарсы сынама тест алынды

Бүгінде аудан бойынша шет елдерден келген 15 азамат және Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан келген студенттер мен вахталық қызметтен келген – 97 азаматқа тиісті бақылау жүргізілді.
COVID-19 коронавирустық инфекциясын жоққа шығармайтын белгілері бар 11 тұрғын және нақтыланған коронавирустық инфекциясымен қарым-қатынаста болған 2 тұрғын аудандық арухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіндегі провизорлық стационарға оқшауланған болатын. Барлығынан тиісті сынамалар алынып, «ҰСО» Қызылорда облысы бойынша филиалының вирусологиялық зертханасына жолданды. Зерттеу қорытындылары бойынша COVID-19 короновирустық инфекциясына барлығынан теріс нәтиже анықталып, 13 тұрғын үй карантиніне ауыстырылып, 13 күнге бақылауға алынды.