Асқар Тоқмағамбетов ауылының тұрғыны коронавирус індетін жұқтырды
Сырдария ауданы бойынша коронавирус инфекциясына оң нәтиже берген 14 жасқа дейінгі 1 жағдайы тіркелді. Бұл туралы фейсбук әлеуметтік желісіндегі Сырдария Аудандық Ткқсқб Басқармасының ресми парақшасында жарияланды.
Коронавирус инфекциясын жұқтырған Сырдария ауданы, А.Тоқмағамбетов елді мекені тұрғыны. 2010 жылы туылған қыз бала.
Науқас 08.06.2020 жылы «Сырдария аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК балалар бөлімшесіне жоспарлы ем алуға жату үшін COVID-19 сынама тапсырған.
Сынама аудандық аурухананың келісім шартына сәйкес «INVIVO» ЖШС-не 08.06.2020 жылы жолданған. Нәтижесінде 11.06.2020 жылы сағат 15:00-де «оң» нәтиже анықталған.
Қазіргі таңда вирус тасымалдаушы клиникалық белгілері болмағандықтан қала орталығындағы карантинді стационарға оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем жүргізілуде.
Ауру ошақтарында мамандар індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырып, қарым-қатынаста болғандар анықталып, тиісті сынамалар алынып, зертханаға жолданды. Ауру ошағында қорытынды залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, тығыз қарым-қатынастағы адамдар үй карантиніне қалдырылды.
12.06.2020 ж. жағдай бойынша Сырдария ауданында коронавирус инфекциясының жалпы 30 жағдайы тіркелген, олардың ішінде емделіп шыққандар саны — 27.
30 жағдайдың коронавирус ауруына клиникалық айқын белгілері байқалған науқастар саны – 26, клиникалық белгілері байқалмаған – 4 жағдай. Сырқаттанушылығының өсуі көрсеткіші бүгінгі күнге 3,3 пайызды құрайды.