Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдарияда індет жұқтырғандар саны 28-ге жетті

Сырдарияда індет жұқтырғандар саны 28-ге жетті

Сырдария аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы 2020 жылдың 03 маусымында аудан боынша COVID-19 коронавирустық инфекциясының эпидемиологиялық ахуалын хабарлады.

Бүгінде Сырдария ауданы, Аманкелді ауылында коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 1 дерегі тіркелді.

Науқас 1962 жылы туылған ер адам. «Начальная старческая катаракта» диагнозымен портал арқылы ауруханаға жатқызу алдында алынған сынама нәтижесінен COVID-19 инфекциясына «оң» нәтиже анықталып отыр.

Қазіргі таңда науқаспен тығыз және потенциалды қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, ауру ошағында эпидемиологиялық зерттеу шаралары, дезинфекциялық жұмыстары жүргізілуде.

Барлығы Сырдария бойынша 03.06.2020 жылға короновирус инфекциясының 28 жағдайы нақтыланса, оның ішінде 27 жағдай Аманкелді ауылында, 1 жағдай Қалжан-Ахун ауылында тіркеліп отыр.

Құрметті аудан тұрғындары аса қауіпті дерттің таралу қауіпі бүгінгі таңға дейін сейілмеуде. Коронавирустық инфекцияны болдырмау, алдын алу, таралуына жол бермеу мақсатында, Сіздерден жеке бас қорғану шараларын қатаң сақтап, сақталуға тиісті талаптардың орындалуына аса мән беріп, үйде болуларыңызды сұраймыз!
03 маусым 2020 ж. 671 0