Отбасылық бюджеттің тиімділігі жоғары
Tirshilik-tynysy.kz. – Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Сырдария аудандының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жақында «Отбасылық бюджетті үнемдеу – тұрмысты оңалтудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге қоғамдық бірлестіктің төрайымы Ұ.Жаналиева, Қоғамдық кеңестің хатшысы М.Жүсіпбекова сондай-ақ зейнеткер аналар мен мекеме қызметкерлері қатысты.
Шараның негізгі мақсаты: Тұрмыс жағдайында отбасы бюджетін дұрыс жоспарлай алу үшін әуелі отбасының табыс көздері мен мөлшерін анықтау, кірістер мен шығыстарды есептеу тәсілі болып табылады. Өз кезегінде М.Жүсіпбекова «Отбасылық бюджетті қалай құруға болады?» деген сауалға ең алдымен отбасылық бюджетті қадағалаудың және оның қаншалықты отбасы мен балалардың болашағына маңызды екенін, отбасылық бюджетті қалай құру керек және отбасылық бюджеттің кестесі нені білдіретінін толықтай түсіндіріп өтті. Отбасылық бюджетті 3 категорияға бөліп, соның негізінде қаржыны тиімді жұмсауға, міндетті түрде келесі айда жұмсалатын шығындар бен кірістерді есептеу арқылы тиімді жоспарлауға болатындығын айтты.
Сонымен бірге шараға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, отбасылық бюджет туралы жан-жақты пікір білдірді.