Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЙЕЛ ҚҰҚЫҒЫ САҚТАЛУЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ОРЫН АЛЫП ЖҮР?

ӘЙЕЛ ҚҰҚЫҒЫ САҚТАЛУЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ОРЫН АЛЫП ЖҮР?

Сырдария аудандық сотында «Гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына Сырдария аудандық сотының төраға міндетін атқарушы Ж.Жолдасов , аудан прокуроры Е.Алмазұлы, «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұ.Жаналиева, Сырдария ауданының полиция бөлімінің бастығының орынбасары Д.Әбілқасымов, полиция бөлімшесінің инспекторлары С.Бишекова, Н.Пірназарова және кеңсе қызметкерлері қатысты.
Төраға міндетін атқарушы Ж.Жолдасов өз баяндамасында Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру әйелдер мен ерлердің өздерінің өмір сүру құқықтарын жынысқа байланысты кемсітусіз іске асыруы үшін жағдай жасауға ықпал ететін болады. Гендерлік теңдік – бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым қатынасты айқындайтын, әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы екендігін атап өтті.
Елбасының Жарлығымен бекітілген Гендерлік теңдік стратегия­сы ер азаматтар мен әйел адамдардың билік құрылымдарындағы қызметті тең басқаруға, экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, бизнесті дамытуға, қызмет бабында көтерілуге және отбасында құқықтар мен міндеттерді бірдей жүзеге асыруға бағытталған.
Дөңгелек үстелге қатысушылар әйел адамдардың отбасылық–тұрмыстағы зорлық, сондай ақ неке бұзу және алимент өндіріп алу туралы істер бойынша құқықтарын қорғау тақырыптарын талқылады.

Меңдігүл Асан,
Сырдария аудандық сотының
баспасөз-хатшысы
20 тамыз 2019 ж. 796 0