800 гектар жерге егін егілді

Биыл «Қызылдихан» шаруа қожалығы 1040 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын екті. Оның ішінде Сырдың басты дақылы – күріш 800 гектар жерге орналастырылды. Күріштікке «Лидер», «Ай-Керім» тұқымы себілді. Сондай-ақ биыл алғашқы рет тәжірибеде тұқымдыққа Қызылорданың «Сыр сұлуы» тұқымы алынып, егілді. Одан бөлек 200 гектарға ескі жоңышқа, 40 гектар жерге жаңа жоңышқа орналастырылды.
Қазіргі таңда күріш толық суға бастырылды. Егінді қоға, қамыс, күрмектен қорғау мақсатында гирбицид себілді.