Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Сырдарияда тағы 3 тұрғын коронавирус жұқтырды

Сырдарияда тағы 3 тұрғын коронавирус жұқтырды

Қызылорда облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 3 жағдай  туралы  (08.04.2020 жылғы сағат 08:00-тағы мәлімет бойынша) облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен хабарлады.
Ауру жұқтырғандардың үшеуі де Сырдария ауданында тіркелді. Барлығы да  коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты  карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған.  ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19  диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.    
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
08.04.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 69 адам анықталды, Қызылорда қаласында – 9 жағдай, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 35 жағдай, Сырдария ауданында-4 жағдай, Арал ауданында – 1 жағдай.




08 сәуір 2020 ж. 1 647 0