Жүктелген міндет жүйелі атқарылуы тиіс
Аудан әкімі Руслан Рүстемовтің төрағалығымен кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округі әкімдері, бөлім мен мекеме басшылары қатысты.
Мәжілісті бастамас бұрын аудан әкімі Р.Рүстемов аудандағы эпидемиологиялық ахуалды саралап, індетті жұқтыру қаупінің әлі де сейілмегеніне тоқталып, кент, ауылдық округі әкімдеріне елді мекендерде карантин талаптарының орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Сонымен қатар өткен аптада облыс әкімінің ауданға жасаған жұмыс сапарында берген тапсырмаларына назар аударып, аудан әкімінің орынбасарлары мен тиісті бөлім басшыларына нақты міндеттер жүктеді.
Мұнан кейін мәжілістің күн тәртібіне сәйкес «2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының орындалуы, аудан бюджетінің атқарылуы, суға түсу маусымындағы қауіпсіздік шаралары, Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы туралы мәселелер қаралып, қорытындысымен хаттамалық тапсырмалар берілді.
Жиын соңында аудан әкімі Р.Рүстемов мемлекеттік бағдарламалар аясында жобаларға бөлінген қаржылардың мақсатты игерілуін, құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін және тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесіне басты назар аударуды тиісті сала басшылары мен кент, ауылдық округі әкімдеріне тапсырып, Nur Otan партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақыпқа қоғамдық ұйымдарды тарта отырып, партиялық бақылау орнатуды жүктеді.
Бибісара ЖАНӘЛІ