Видео байланыс арқылы мәжіліс өтті

Күн тәртібіне сәйкес аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Е.Ахетовтің және мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы А.Жүсіповтің хабарламалары тыңдалды.
Өз кезегінде аудан әкімі Р.Рүстемов салалық орынбасар мен бөлім басшыларына, кент және ауыл әкімдеріне жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында «Бизнестің жол картасы-2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Агробизнес-2020» бағдарламалары және басқа да қаржы-несие институттары арқылы жобаларды ұсынып, жүзеге асыруды, салық салу базасын ұлғайту мақсатында аудан аумағындағы жер қойнауын пайдаланушы мұнай компанияларының алдағы уақытта шикізат өндіру мүмкіндіктерін ескере отырып, түсім жоспарына сәйкес сараланған ақпарат ұсынуды мемлекеттік кірістер басқармасына тапсырды.
Жиын соңында аудан басшысы 5 айдың қорытындысымен барлық салалар бойынша көрсеткіштердің нәтижесі мен орындаушылық тәртіптің жағдайы қаралатынын жеткізіп, Мемлекет Басшысының елдегі төтенше жағдай режимін ағымдағы жылдың 11 мамырына дейін ұзарту туралы шешіміне сәйкес, елді мекендердегі карантин талаптарының қатаң сақталуын міндеттеді.