Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дөңгелек үстел өткізілді

Дөңгелек үстел өткізілді

Бүгін аудандық ішкі саясат бөлімінде Қызылорда облысы ішкі мемлекеттік аудит департаментінің №2  сәйкестік аудиті бөлімінің бас маман, мемлекеттік аудиторы М.Есенбаевтың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел  басындағы жиын барысында М.Есенбаев  Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018–2022 жылдарға  арналған  мемлекеттік бағдарламасын  іске  асыруға қатысты біршама мәселелерге тоқталды. Сонымен бірге осыған дейін  өткізілетін іс-шаралардың өз дәрежесінде орындалуы маңызды екенін айта отырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы»  № 434  Заңында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру» Қағидаларында  мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде  өткізілетін мемлекеттік сатып алуларға қатысты бабтар мен тармақтарға қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді. 
Өз кезегінде М.Есенбаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында баяндама оқыды.  

"ТТ"-ақпарат
26 мамыр 2020 ж. 473 0