Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ – ЖҰМЫСТЫ ЖЕҢІЛДЕТУ ЖҮЙЕСІ

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ – ЖҰМЫСТЫ ЖЕҢІЛДЕТУ ЖҮЙЕСІ


Жақында аудан әкім­ді­гінің мәслихат залында «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қа­ғидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығына енгі­зілген өзгерістер мен то­лықтыруларға байланысты семинар-кеңес өт­кізілді. Кеңесті аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов ашып, жүргізіп отырды. Семинарға Қы­зылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті бас­шысының орынбасары Қ.Тұрымтаев және мем­лекеттік меке­мелердің мемлекеттік сатып алу саласындағы жа­уапты қызметкерлері қа­­­­­­­­­­­­тыс­ты. Семинар-кеңестің не­гіз­гі мақсаты – Қазақстан Рес­публикасының Мемле­кеттік сатып алуды жү­зеге асыру қағидаларына ен­гізілген өзгерістер мен то­лықтырулар жайлы сала мамандарына тереңірек түсіндіру.ъ
ҚР Қаржы министрлігі 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер қолданысқа енгізілетінін (Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы №562 бұйрығымен), қағидалар легімен таныстырған сала басшысы оларға тоқталып өтті. Мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы рәсімделетін консорциалдық келісімнің үлгілік нысанын бекіту, құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүзеге асыру кезінде жұмыс тәжірибесін есептеудің нақты регламенті және тапсырыс берушінің міндетіне техникалық ерекшелікте сатып алынатын тауардың, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің ұлттық стандартын (бар болса) көрсетуді енгізу. Ол болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттарды көрсету сонымен қатар өнім берушілердің міндетіне тауарды жеткізу және жұмысты орындау кезінде, оларға тауардың шығарылғаны туралы сертификатты ұсыну керектігі көрсетілген. Егер тауар Қазақстанда шығарылған болса, онда өнім беруші СТ–КZ сертификатын ұсынуға міндетті. Егер тауар импорттық өнім болған жағдайда онда шығарылған елдің тиісті уәкілетті органымен берілген, тауардың шығарылғаны туралы сертификатты ұсынады. Ұсынылған түзетулер құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жеңілдету және сыбайлас жемқорлық іс-әрекетін төмендету мақсатында енгізіледі, – деді ҚР Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің мемлекеттік аудит департаментінің орынбасары Қайрат Қазиханұлы.
Сонымен қатар «Сырдария аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің» басшысы М.Қанибаев сатып алу саласында атқарылып жатқан жұмыстар барысымен таныстырып, енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды жалпы атап өтті.
Семинар-кеңесте мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде тапсырыс берушілер жиі жол беретін құқық бұзушылықтар атап өтіліп, сала мамандарының мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде туындайтын сұрақтары талқыланып, қажетті жауап алынды.

Айдана МАРАТҚЫЗЫ

24 шілде 2018 ж. 1 141 0