Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Аймағымызда коронавирус жұқтырған саны 248-ге жетті

Аймағымызда коронавирус жұқтырған саны 248-ге жетті

Бүгін облыста вирус жұқтырғандар саны 248-ге жетті. Барлығы бақылауда. Ал емделіп шыққаны-205 адам. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
"Өңірде 17 мамыр күні коронавирус инфекциясымен 2 науқас анықталды. Анықталған жағдайлардың біріншісі коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған. Екінші жағдай көпбейінді қалалық аурухананың филтьр кабинетінің қызметкерінен шықты. Қазіргі таңда барлығының жағдайы тұрақты, бақылауда",-деді бас дәрігер.
Өткен тәулікте стационардан 5 науқас емделіп шықты. Сонымен жалпы есеп 205-ке жетті. Емделіп шыққандардың ішінде 37-і медицина қызметкері.
Коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болған – 3474 азамат, оның тікелей қарым-қатынаста болғаны –1889, жанама қарым-қатынаста болғаны – 1585 азамат.
Облыс бойынша 17 мамыр күні барлығы 390 сынама алынды. Нәтижесінде 221-і теріс мәнді, 2-уі оң мәнді. Ал 167 сынамамен жұмыс жасалуда. Қалдық текст-3400.
Құрметті қызылордалықтар, сақтық шараларын қатаң сақтаңыздар! Сонымен қатар, сырт өңірлерден келген азаматтар болса, жергілікті медициналық мекемеге хабарласуын сұраймыз.
18 мамыр 2020 ж. 770 0