Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

02 желтоқсан 2023 ж.

№94 газет

28 қараша 2023 ж.

№93 газет

25 қараша 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Коронавирус: Қызылордада жаңадан анықталған 4 науқастың оны қалай жұқтырғаны белгілі болды

Коронавирус: Қызылордада жаңадан анықталған 4 науқастың оны қалай жұқтырғаны белгілі болды

Қызылорда қаласында коронавирус жұқтырғандар саны 9 адамға жетті.  Бүгін анықталған 4 науқастың коронавирустық инфекцияны қайдан жұқтырғаны туралы Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов жергілікті телеарналардан мәлімдеді, – деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
«Бүгінгі күнге Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының 9 жағдайы тіркелді. Бүгін 4 жағдай зертханалық сынамамен нақтыланды. Вирус жұқтырған 4 азамат та өткендегі анықталған науқастармен қарым-қатынаста болуына байланысты карантинге алынып, оқшауланған азаматтар болатын. Осы оқшауланған азаматтардан алынған зерттеме оң нәтиже беріп, бүгін стационарға, толық емге жатқызылды. Емі бекітілген хаттамаға сәйкес жүргізілуде. Қазіргі таңда осы азаматтармен тағы да қарым-қатынаста болуы мүмкін азаматтардың тізімі нақтылану үстінде. Алдағы уақытта ол азаматтарға да оқшаулау шарасы қолданылатын болады. Бүгінгі таңда облыстың ауруханаларында коронавирус инфекциясымен 9 науқас емін алуда. Барлығының жағдайлары динамикада нашарлаусыз. Емдерін жалғастыруда», – деді Жақсылық Абдусаметов.
31 наурыз 2020 ж. 668 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам