Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қызылордада коронавирус жұқтырудың 6 оқиғасы тіркелді

Қызылордада коронавирус жұқтырудың 6 оқиғасы тіркелді

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырудың тағы 6 оқиғасы тіркелді. Бұл туралы өңірлік коммункикациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 
«Бүгінгі таңда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны 24 адамға жетті. Олардың екеуі – Қармақшы ауданында, екеуі Жаңақорған ауданында, біреуі – Шиелі, ал, алтыншысы – Қызылорда қаласында тіркелді. Қармақшы ауданындағы бір науқас Алматы қаласынан келген. Екінші науқас анықталу үстінде. Жаңақорған ауданындағы екі адам да осы инфекцияны бұрын жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болғандар. Шиелі ауданында да осындай жағдай, яғни, бұрын ауырған науқаспен тығыз байланыста болған. Ал, Қызылорда қаласында анықталған адам облыста ең бірінші анықталған науқаспен қарым-қатынаста, тығыз байланыста болған», – деді Жақсылық Абдусаметов.
Басқарма басшысының айтуынша, облысымызда коронавирус инфекциясын жұқтырушылар саны күрт көбейіп отыр. Бүгінгі таңда өңірде осы қауіпті індетті жұқтырғандардың бәрі бұрын науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар екендігі анықталып отыр.
«Сондықтан, облыс тұрғындары, ең алдымен, сақтық шараларына мән беруі қажет. Жеке бас гигиенасын сақтап, мейлінше қорғану керек», – деді басқарма басшысы.
01 сәуір 2020 ж. 860 0