Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢАШЫЛДЫҚ – ТИІМДІЛІК ТЕТІГІ

ЖАҢАШЫЛДЫҚ – ТИІМДІЛІК ТЕТІГІ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында ҚР Тұңғыш Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауында көр­сетілген сот жүйесін одан әрі жетілдіру бөлігін орындау бағытында жиын өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Е.Ахе­тов,­ облыстық Соттар әкімшісінің орын­басары М.Асанова, облыстық Соттар әкімшісінің ақпа­раттық технологияларды дамыту бөлімінің бас­шысы Ш.Аманқұлов, «Бітім» медиация орта­лығының директоры Л.Бақтыбаева, аудан­дық сот төрағасы міндетін атқарушы А.Абдулла, аудан прокуроры Е.Алмазұлы, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Т.Кен­жебулатов, аудан тұрғындары, билер кеңе­сінің мүшелері, сала мамандары мен сот қыз­меткерлері кәсіби және кәсіби емес медиа­­­тор­лар қатысты.
Жиын барысында аудан әкімінің орынба­сары Е.Ахетов сөз алып, қазіргі таңдағы сот жүйесінің тиімді тетігін тілге тиек етті. Өз кезегінде М.Асанова Сот жүйесіндегі жаңашыл­дықтардың негізгі бағытын және сот жүйесін цифрландыру мәселесі, ақпараттық технологияларды дамыту, қолданыстағы сервис­тер туралы толық ақпарат беру, өзге де бағдарламаларды қолдану туралы пайдалы кеңес беру бағытын түсіндірді. Цифрлық технологиядағы жаңашылдықты мобильді құрылғы арқылы пайдалану барысын Ш.Аман­құлов жеткізді.
Жалпы сот саласының негізгі тетіктерін жетілдіре отырып, шалғайда орналасқан ауыл тұр­ғындарына оңтайлы жағдай жасау құп­тарлық жағдай. Электронды қызмет түр­лерін жан-жақты дамыту арқылы уақыт тапшылығын азайту алдыңғы қатардағы мәселе. Жаңашылдықтың тағы бір үлгісі –қазіргі таңда жүзеге асып келе жатқан виртуальды сот жұмысының артықшылығы. Сот ғимаратына келмей-ақ, тікелей байланысқа шығып, орын алған жағдайдың анық-қанығын анықтау мақсатында процеске қатыса алады. Мұнда жекелеген тұлғаның ойын емін-еркін жеткізу қарастырылған. Бұдан кейін түнгі соттың жұмыс істеу барысы талқыланды.
Қазақстан Республикасының кейбір заңна­малық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілен­діру мәселелері бойынша өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізу туралы Заңы бойынша құ­қықтық түсіндірме жұмысын жүргізу туралы А.Абдулла айтып берді. Л.Бақтыбаева, жалпы сот саласындағы медиация атқарып жатқан жұмысын егжей-тегжей талқылап, көпшілікке таныстырды.
Жиын соңында медиатор Ұ.Жаналиева сөз алып, сот саласындағы жаңашылдықтың ха­лыққа тиімді жағын құптарлық жағдай екенін жеткізді.

Б.ОРДАБЕКОВ

28 мамыр 2019 ж. 606 0