Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Соттасатын уақыт емес

Соттасатын уақыт емес

Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты коронавирус­тық инфек­цияның алдын алу мақсатында сырдария аудандық соты ­шектелген жұмыс тәртібіне көшті. Азаматтарды жеке қабылдау, «Ашық есік күні» және іс материалдарымен танысу уақытша тоқ­татылды. Бұл ең алдымен сотқа жүгінуші азаматтардың қауіпсіздігі үшін қабылданып жатқан шаралар.
Бүгінде сотқа келушілердің сот ғимаратына келуіне уақытша шектеу қойылды. Кейінге қалды­руға процестік мүмкіндігі жоқ істер бойын­ша сот процес­теріне ақпараттық технологиялар қол­данылып, «True­­Conf» мобиль­ді қосым­шасы, бей­­не конфе­ренция­лық байланыс көме­гімен аза­мат­тардың қашық­тық­тан қатысуы қам­тамасыз еті­луде. Осы­ған орай «Сот кабине­ті» қар­қынды жұмыс істеу­де. Сот жүйесінің ашықтығы мен қолже­тімді­лігін қамтамасыз ету мақса­тында аудандық сот аза­мат­­тарға әлеуметтік желілер арқы­лы бай­ла­нысуға мүмкіндік жа­сап­ отыр.
Азаматтар 110210@sud.kz элек­­трон­дық поштасына және Сырдария аудан­дық сотының «Faсebook» желісіндегі рес­ми па­рақ­шасына сұрақ­тарын қойып, жауап ала алады. Қазіргі таңда азаматтардың өмірі мен денсау­лығын қорғау­ды барынша қамтама­сыз ететін кезең туындады. Себебі ең қымбат қазына – адам­ның өмірі мен ден­саулығы. Сіздер­ден орын алып отырған жағдай­ға түсіністікпен қараула­рыңызды сұ­рай­мыз.
Төтенше жағдай жарияланғаннан бері азаматтарға тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Арнайы жадынамалар да таратылып, рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Десе де сотқа келушілердің саны азаяр емес. Әрине бұл алаңдарлық жағдай. Сондықтан төтенше жағдай кезеңі соттасатын уақыт емес екенін назарларыңызға саламыз. Оның орнына келісімге келіп, өзара түсінісіп, медиаторлар көмегін пайдаланған абзал. Бұл пандемияның таралуына тосқауыл болады.
Сырдария аудандық сотының дауларды соттан тыс реттеудің жолдарын насихаттау бойынша жұмыс жоспарына сәйкес, Тереңөзек кенті орталығына арнайы билбордтар орнатылды. Аталған билбордтарда татуластыру рәсімдерінің мақсаты, түрлері, қолданылу аясы, кәсіпқой және кәсіпқой емес медиаторлардың тізімі орналастырылған. Сон­дықтан азаматтар бірден сотқа келмей, бірінші медиаторлар көмегіне жүгінуге болады. Бұл бағытта татулықты ту еткен «Билер кеңесінің» мүшелері де жемісті жұмыс жасау­­да.
Атап өту керек, аудандық полиция бөлімі арқылы бізге төтенше жағдай талаптарына бағынбаған жеке кәсіпкерлік нысандары жөнінде істер келіп түсуде. Істі қарау барысында дүкен иелері қателіктерін мойындауда. Бірақ ескерту берілмегені, талаптарды естімегені жөнінде өз уәждерін айтады. Жеке кәсіпкерлерді де түсінуге болады. Алайда заң талабы – бәрімізге ортақ. Төтенше жағдай кезінде салғырттық танытуға мүлдем болмайды. Сондықтан жеке кәсіпкерлікпен айналысатын барлық азамат санитарлық талаптарды қатаң сақтауы керек. Бұл дүкен иелеріне ғана емес, әрбір азамат үшін де маңызды. Азаматтар бетперде мен арнайы қолғап киіп жүрсе, өздері үшін пайдалы.
Бүгінде сот өндірісінде бірнеше іс қаралап, бірқатар айыппұлдар салынды. Алдағы уа­қытта мұндай құқық бұзушылықтар болмас үшін аудандық сот аудан тұрғындарына төтенше жағдай талаптарын сақтауды ес­кертеді. Бір сөзбен айтқанда, қазір соттасатын уақыт емес. Оның орнына үйде болып, тәртіпке бағынған өзіңізге де, өзгеге де пайдалы.

Р.Алдамбергенов,
Сырдария аудандық
сотының төрағасы

04 сәуір 2020 ж. 811 0