Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ОҚУШЫЛАР ЕЛОРДАНЫ ЖЫРҒА ҚОСТЫ

ОҚУШЫЛАР ЕЛОРДАНЫ ЖЫРҒА ҚОСТЫ


Тереңөзек кентіндегі №131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектебінің ұйымдастыруымен тағылымы мол іс-шара өтті. Астана қаласының 20 жылдық мерейлі мерекесі аясында өткізілген іс-шарада мектеп оқушылары аудандық «Еңбек даңқы» музейін аралап, еліміздің бас қаласы туралы тың деректермен танысты. Сонымен бірге, аудан тарихынан сыр шертетін тарихи маңызы зор мәліметтерге қанықты. Шараға 4-11 сынып оқушылары белсене атсалысып, Астана қаласы туралы жазылған өлеңдерді оқыды. 11-сынып оқушысы Жарболова Зарина, 7-сынып оқушылары Пернебаева Аяулым мен Жұматаева Фариза жүрек түкпірінен шыққан жауһар жырларынан шашу шашты. Сондай-ақ, «Ұлттық қолөнер – бабалар мұрасы» тақырыбында оқушылардың қолөнер туындыларынан көрме ұйымдастырылды. Ұтымды ұйымдастырылған іс-шараға белсене қатысқан оқушылар естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.



19 ақпан 2018 ж. 2 266 0