Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

№ 73 газет

27 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » АҚЫЛ – ЖАСТАН, АСЫЛ – ТАСТАН

АҚЫЛ – ЖАСТАН, АСЫЛ – ТАСТАН


Жақында аудандық әуез мектебінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында оқушылар арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы өткізілді. Шарада осы мектеп оқушылары бес кезең бойынша сайысқа түсті. Төрт топқа жеребе арқылы бөлінген оқушылар бірінші кезеңде өздерін таныстырды.
Екінші кезең бойынша сайысқа қатысушылар мақал құрастырып, жүйріктіктерін байқатты. Сонымен қатар, еңбек және тағы да басқа тақырыптарда тың естімеген мақалдарды айтты. Келесі кезең бойынша жұмбақтар жасырылып, оқушылар жауабын тапты. Сондай-ақ, сайыскерлермен қатар көрермендер де ақыл-ойдың жарысына белсене қатысты. Қорытынды бөлімде жұмбақтар жасырылып, педагогикалық ұжымнан құралған әділ қазылар алқасы төрт топтың ішінен жеңімпаздарды анықтады.
Жарыс соңында әуез мектебінің өнерпаздары әннен шашу шашып, күмбірлеген күйге бөледі. Ұстаздар барлық қатысушыларға Дипломдар мен Алғыс хаттар тапсырды.
«Тт» ақпарат
28 қаңтар 2018 ж. 2 677 0