ЕЛ МҮДДЕСІ –ОТЫЗДЫҚҚА ЕНУ
Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауы 10 бағыт бойынша айқындалды.
Жолдауында экономиканың жаңа салаларын дамыту, экономиканың басты салаларын жаңғырту, бұқаралық кәсіпкерліктерді дамыту, халықты жұмыспен қамту мәселелерін дамытуға байланысты экономикамызды, мемлекетімізді өркендетуге бағдарланған жаңа бағыттарды белгілеп берді. Сондай-ақ, Жолдауда бизнестің барлық шығынын азайтып, мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін оңтайландырудың жолдары атап көрсетілді. Құжаттардың мерзімі мен саны қысқартылып, адамдардың өзінің мемлекеттік органдарға баруын қажетсінбейтін толық электронды форматқа көшірілу қажеттілігі тапсырылды.
Сонымен қатар, Жолдаудың маңызды мақсаттарының бірі болып – кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау және технологиялардың жаңғыртылуы болып табылады. Яғни, цифрлы технологияларды қолдана отырып қазіргі заманауи бәсекеге қабілеттілікті артыру қажеттілігі. Қазіргі уақытта жаһандану үрдісі алға дамыған сайын, жаңа талаптар жиынтығы да көбейе түсуде. Олардың негізгісі - озық технологиялар мен автоматтандыру процестерін енгізу және рұқсат құжаттары мен бақылау функцияларын азайту арқылы бизнес өкілдеріне қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Яғни, автоматты жүйелерді жүзеге енгізу арқылы әкімшілік кедергілерді жоюға, қызмет көрсету өкілдерімен тікелей байланысқа шықпай-ақ, есептік құжаттарды тапсыруға қол жеткізіледі. Бір сөзбен айтқанда, барлық процестерді ақпаратты технологиялардың жетістігімен жүзеге асыруға болады.
Әлемдегі отыз озық елдің қатарына ену үшін барлығымыз да еліміздің дамуына, ең бастысы, тәуелсіздігіміздің баянды да мәңгі болуына өз үлесімізді қосуымыз қажет.
Жолдауында алға қойылған міндеттерді ұтымды іске асыру мемлекеттің даму жолында аянбай еңбек ету бүгінгі біздің мемлекеттік қызметшілердің басты міндеті деп санаймыз.
Н.Дайрабаев,
аудандық Әділет
басқармасының басшысы,
«Заңгерлер» қоғамдық
бірлестігінің мүшесі