Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Сырдарияда 2002 жылғы қыздан вирус анықталды

Сырдарияда 2002 жылғы қыздан вирус анықталды

Қызылорда облысында бүгін, яғни, 9 сәуірдегі 22:55-те анықталған коронавирустық инфекция жұқтырған 8 науқастың екеуі – Қызылорда қаласынан болса, алтауы – Сырдария ауданынан екендігі анықталды. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 
«Ауру жұқтырған 8 науқастың екеуі – Қызылорда қаласынан, алтауы – Сырдария ауданында тіркелді. Барлығы жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылып жатыр. Сырдария ауданында анықталған науқастардың ең жасы – 2002 жылғы қыз бала болса, ең үлкені – 50 жастағы ер адам. Ал, Қызылорда қаласындағы науқастар 1989 және 1992 жылғы ер адамдар. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген алгоритмге сәйкес науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда», – деп мәлімдеді аталған басқарманың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Айта кетейік, бүгін Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастардың саны 100 адамға жеткенін хабарлаған болатынбыз.
Оның ішінде, Қызылорда қаласында – 12, Жаңақорған ауданында – 16 жағдай, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 52, Сырдарияда – 14, Арал ауданында – 2 жағдай тіркеліп отыр.

09 сәуір 2020 ж. 993 0