Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » «Ақ халаттылар» әні жарыққа шықты

«Ақ халаттылар» әні жарыққа шықты

Жер-жаһанды жайлаған қауіпті індет кесірінен қазір ел халқы күрделі кезеңді бастан өткеруде. Қиын-қыстау күндері медицина саласының мамандары қауіп-қатерге бас тігуде. Бұл ретте  ақ халатты абзал жандарға отандық жұлдыздар ерекше қолдау көрсетуде. Өз кезегінде республикаға танымал «Сырдария» квартеті  медицина саласының мамандарының құрметіне арналған «Ақ халаттылар» әнін жарыққа шығарды.  «Ақ халаттылар» әнін сазгер Рамазан Тайманов нотаға түсерсе,  ақын  Махмұтбай Әміреев сөзін  жазған.
– Қазіргі таңда дүниежүзі халқы коронавирус індетімен күрес жүргізуде. Күн санап вирус жұқтырғандар саны артып келеді. Бүгінгі ахуал бойынша Сырдария ауданынан бір адам коронавирус жұқтырғандығы анықталды. Осындай сындарлы шақта медицина саласының мамандары күн-түн демей жұмыс жасауда. Дәрігерлерге құрмет көрсету азаматтық борышымыз. Олардың еңбегі өлшеусіз. Індетпен күресте табындылық танытқан абзал жандарға осы әнімізді құрметпен тарту етеміз, – дейді  «Сырдария» квартетінің мүшесі Азиз Садықов.
Осы мезетте аталған ән әлеуметтік желілер арқылы  таралып, көпшіліктің жоғары бағасына ие болуда.


Балтабай ОРДАБЕКОВ 
07 сәуір 2020 ж. 997 0