Ел азаматтарын үйден шықпауға шақырамын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына мәлімдеме жасады. Әлемнің 177 еліне тараған індетпен күресте мемлекет тарапынан жан-жақты шараралар қабылдануда. Елдің әл-ауқатын жақсарту мақсатында нақты жұмыстар жалғасын табатынына сенім мол. Елдегі күрделі жағдайда індетпен күрес тоқтамай, сақтық шарасы күшейтіледі. Қазіргі таңда дәрігерлер мен құқық қорғау саласының мамандары күшейтілген режимде жұмыс жасауда.
Еліміздің барлық өңірінде күн санап вирусты жұқтырған адам саны артуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме барысында ел халқының мемлекетке қолдау көрсету керектігін айтты. Шындығында бұл індетті қоғамдық тәртіп сақтай отырып, қатаң талапқа сай ережеге бағыну арқылы жеңе аламыз. Күнделікті қоғамдық орында төтенше жағдайдың негізгі міндеттерін орындау парыз. Өз кезегінде Мемлекет басшысы карантинді күшейтуді тапсырды. Бұл ретте құқық қорғау саласының мамандары қоғам мүшелерін тәртіп бұзбай үйден шықпауды талап етеді. Ал ел азаматтары төтенше жағдай талаптарын орындамай, тәртіп бұзған жағдайда әкімшілік шараға тартылады. Бүгінде ахуалдың күрделенуіне байланысты барлық адамды жұдырықтай жұмылып, қатаң тәртіпті, ережені сақтауға шақырамын! Бұл – қоғам үшін аса маңызды.
Ербол Жаналиев,
аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары
аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары