Тойымызды кейінге шегердік
Жаһанды дендеген жұқпалы індет төрткүл дүниенің бір бөлігі саналатын Қазақстан мемлекетін айналып өткен жоқ. Күн артқан сайын коронавирус жұқтырғандар саны артып отыр. Осы тұста әркім жауапкершілікті сезініп, мұндай төтеннен келетін дерттен сақтанғаны абзал.
Коронавирусқа байланысты қазір көпшілік орындарда жиналуға тыйым салынды. Тіпті тұрғындар той-томалақ, ас беруді де кейінге шегеруде. Осы ретте біз Ұлыстың ұлы күнімен қатар көптен күткен тойымызды жасаймыз деп жоспарлаған едік. Осындай ел басына күн туған шақта той тойлап жату менің азаматтығыма сын деп ойладым. Туған туыстармен ақылдасып, екі жақ келісіп, той өткізуді кейінге шегердік. Әрине алда әлі де талай қуаныш пен мереке бар. Бірақ қазіргі таңда жақындарымыздың амандығы бірінші орында. Еліміздегі ахуал тұрақтағанша тек тойды ғана емес, мерекелік басқосулардың бәрін тоқтатқанымыз жөн. Себебі бұл жұқпалы ауруды жұқтырғандар саны күн санап артуда.
Алпамыс ТАСБЕРГЕНОВ,
Шаған ауылының тұрғыны
Шаған ауылының тұрғыны