Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

№55 газет

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Қауіпсіздік шарасы күшейтілді

Қауіпсіздік шарасы күшейтілді

Ауданда қауіпті індеттің алдын алу және таралуын болдырмау мақсатында тиісті сақтық шаралары қолға алынды. Осы ретте, аудан орталығында халық көп жиналатын және арнайы кезек күтетін мекемелер, яғни «Халық банкі» мен «Қазпочта» АҚ-ның бөлімшелері ғимаратының алдына қауіпсіздікті сақтауға бағытталған арақашықтықты сақтау белгілері ақ түсті бояумен белгіленді. Көрсетілген орындардың арақашықтығы 2 метрді құрайды. Бұл зейнетақы, жалақы, жәрдемақы алу үшін келетін тұрғындардың бір-бірінен алшақ тұрып, вирустың таралуына жол бермей қауіпсіздікті сақтау мақсатында қолға алынған шара.
Қазіргі таңда банк және пошта қызметін пайдалану үшін кезекке тұрған тұрғындар белгіленген тәртіпке бағынып, арақашықтықты сақтауда.

Сырдария ауданы әкімдігінің фейсбук парақшасынан алынды 
07 сәуір 2020 ж. 410 0