Игі бастама жалғасын табуда

Өздеріңіз білетіндей, өткен жолы әкімдіктің әлеуметтік желісінде аудан әкімдігі мен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ұсынысымен «Тұзкөл Мұнай Газ Оперейтинг» серіктестігінің демеушілігімен жеткізілген азық-түлік түрлері Тереңөзек кентіндегі "Әлеуметтік дүкенде" тіркелген 100 отбасыға тегін таратылғаны жайлы ақпараттандырған болатынбыз.
Бүгінде игі бастаманың жалғасы ретінде жеке кәсіпкерлердің қолдауымен әзірленген 800 дана медициналық бетперде осы аталған дүкен тұтынушыларының отбасыларына тегін таратылуда.
Аталған бастамаға «Әлеуметтік дүкеннің» жұмысшы тобымен бірге аудандағы еріктілер де тартылды. Сонымен бірге, осы дүкеннің тұтынушысы да үй жағдайында қорғаныш бетперде тігіп, өз үлесін қосуда.
Қоғамның ең қымбат жемісі – дені сау адам. Біздің алға қойған мақсаттарымыз да, барлық игілігіміз де осы басты байлықпен өлшенеді. Сондықтан осындай қиын кезде баршамыз сабыр сақтап, тәртіпке бағынуымыз қажет.
Сырдария ауданы әкімдігінің фейсбук парақшасынан алынды